Жаңалықтар

Қарағанды аттракционындағы кісі өлімі: нұсқаушы 4 жылға сотталды

Қарағандыда 34 жастағы Евгения Леонтьеваның өліміне алып келген роуп-джампингтің нұсқаушысына сот үкімі шықты. Сот шешімімен ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Орталық.кз ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Қазыбек би аудандық соты роуп-джампинг нұсқаушысын сапасыз қызмет көрсеткені, соның нәтижесінде Шахтинск қаласының 34 жастағы тұрғыны Евгения Леонтьева қаза тапқаны үшін кінәлі деп таныды.

«Сот Александр Музникасты қауіпсіздігі орташа ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеумен төрт жылға бас бостандығынан айырды. «Күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын. Жаза мерзімі оны нақты ұстаған сәттен бастап, 2021 жылғы 11 қазаннан бастап есептелсін. Жазаны өтеу мерзіміне қамауда болған уақыт жазаны өтеудің бір жарым күні есебімен есептелсін. Сотталған адамнан жәбірленушілерге өтемақы қорына 158 340 теңге көлемінде мәжбүрлі төлем өндіріп алынсын», – деп үкім шығарды Қазыбек би аудандық сотының судьясы Манат Жұмақаева.

Алайда нұсқаушы өз кінәсін мойындамады. Оның айтуынша, ол «Fly Kazakhstan» ЖШС қызметкері болыр табылмайды және сотталушылар орындығында фирманың иесі болуы тиіс. Сондай-ақ, судья қаза тапқан адамның анасы мен жұбайының пайдасына 6 миллион теңге мөлшерінде моральдық залал сомасын өндіріп алу туралы шешім шығарды. Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда 33 жастағы Евгения Леонтьева «Созвездие» қонақ үйінің төбесіндегі роуп-джампинг аттракционына барып, биіктен секірген болатын. Алайда, бекітілмеген сымның салдарынан ол бетон қоршауға құлап, ауруханада қайтыс болды.

Басқа материалдар

Back to top button