Қырық күн шілденің кереметі
Ақпан – он екінші ай. Қыстың, әрі жылдың соңғы айы. «Ақпан – қазақтың «ақ ықпа» деген сөзінен шыққан дейді халық. Бұл айда – қыстың ең ауыр әрі қаһарлы кезі қорытындыланады. Қатты суық, аяз, үскірік, дүлей борандар, «Боз тоқтыда құйрық қалды, бойжеткенде бұғақ қалды, қырлан, ақпан, қырлан» деген тәмсіл қалған. Ақпан – жылдың ең қысқа айы аталуының себебін ашайық.
Ежелгі Римнен келген күнпарақта Юрий Цезарьдың бұйрығы бойынша жұп айларда 30 күн, тақ айларда бір күн кем немесе артық жазылған. Атадәстүр жұлдыз санауы бойынша жылдың соңы болып есептелген ақпан айына 29 күн тиесілі болған. Август – Рим ипериясын б.з.д. 27 – б.з. 14 жылға дейін, яғни өмірінің соңына дейін басқарған алғашқы император құрметіне ақпанның соңғы күні берілген. Осылайша ақпан айында 28 күн қалып, төрт жылда бір-ақ рет 29 күн сәйкес келетін болған.
Ақылды, тез шешім қабылдайтын және көреген саясаткер елін бейбітшілік бақытына бөлегені үшін бүтін бір айдың аты оның есімімен Тамыз – Август деп аталады.
Август ысырапшылық, некесіздік, жарының көзіне шөп салу сияқты теріс қылықтардың жолын кесуге бағытталған қатал заңдар шығарып, көпбалалы отбасыларға жеңілдіктер жасайтын заңдар қабылдап, әрбір іске барынша мән беріп, әскери теңіз флотын құрады.
Осы ақпан айынан басталатын 40 күн шілде кей сәттерде тамыз айына ұласады екен…
Сержан СМАХАНҰЛЫ.