Коронавирус

Қанат АСҚАРОВ: “Аймақтың эпидемиологиялық жағдайы –  бақылауда”

20 наурыз  сағат 17:00-дегі жағдай бойынша аймақта індетке шалдыққан екі адам ғана бар. Оларға коронавирустық инфекцияны емдеу хаттамасы аясында тиісті ем-дом жасалуда. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров айтты.

  • Бүгінгі таңда вирус жұқтырған пациенттермен байланыста болған азаматтардың барлығы бақылауға алынды. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуде. Сырқатқа шалдыққандар және олармен байланыста болған азаматтардың қала тұрғындарымен қандай да бір байланысқа түсуіне жол берілген жоқ. Аймақтың эпидемиологиялық жағдайы –  бақылауда, – деді Қанат Қырғызбайұлы.

Бұдан бөлек, департамент басшысы облыс аумағында балабақшаларды уақытша жабу мәселесі қарастырылып жатқанын айтып өтті.

  • Қазір балабақшаларға тәрбиеленушілердің 20%-ы ғана барып жүр. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ірі қалалардағы балабақшалардың жұмысын уақытша тоқтату мәселесі қарастырылуда. Қарағанды қаласында дизинфекция жұмыстары кең көлемде жұмыс жүргізуде. Әр микроучаскеге біздің мамандарымыз бекітілген. Бүгінге дейін халық жиі баратын 1420 сауда нысанында болды. Базар, супермаркет басшыларына вирустан сақтану туралы ақпараттық парақшалар ұсынылды, – деп атап өтті Қанат

Басқа материалдар

Back to top button