Жаңалықтар

Қазақстанда жас қаламгерлерге сыйақы тағайындалмақ

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен АБАЕВ Павлодар облысында халықпен кездесу кезінде 2023 жылдан бастап қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін арнайы Президенттік әдеби сыйлық тағайындалатынын айтты. Енді 18 жастан 29 жасқа дейінгі қаламгерлер жоғары марапатқа ие бола алады. 

Қазақстанда жас қаламгерлерге сыйақы тағайындалмақ
Фото: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен алынды

Сондай-ақ, министр жас әдебиетшілерді қолдау мақсатында жүзеге асырылып жатқан басқа да жобалар туралы тілге тиек етті. 

«Біз «Жаңа қазақ әдебиеті« атты жаңа жобаны қолға алдық. Оның аясында дарынды жас авторлардың кітаптары 3 мың дана таралыммен басып шығарылады. Бұл жұмыс жас ұрпақтың жаңаша ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі, олардың шығармашылық көңіл-күйі мен инновациялық идеяларын қолдайды. Сонымен қатар, қазір жалпы жүлде қоры 35 млн теңгені құрайтын «Айбоз« тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр. Осылайша біз әдебиетімізге жаңа туындылардың қосылуына ықпал етіп, қаламгерлер мен баспагерлерді қолдаудың жаңа тетіктерін қалыптастырамыз», – деді Дәурен Абаев.

Өз тілшімізден. 

Басқа материалдар

Back to top button