Бас тақырыпЖаңалықтар

Жерлесіміз – Еңбек ері

Әйгілі ғалым Төрегелді ШАРМАНОВ – Қазақстанның Еңбек Ері. Даңқты жерлесімізбен бірге бұл құрмет төріне жазушы, композитор Ілия ЖАҚАНОВ көтерілді. Бейсенбі күні Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Жарлыққа қол қойды.

 

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылады.

 

Төрегелді Шарманов – Ұлытау ауданының тумасы. Қарағанды медицина институтын тәмамдаған. Қазақ тағамтану ғылымының қаз тұруына өмірін арнаған ғалым. ҚР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері, ҰҒА академигі. Алматы және Жезқазған қалаларының Құрметті азаматы. Қазақ ғылымына өлшеусіз олжа салған жерлесіміз – біздің мақтанышымыз!

Нұрқанат ҚАНАПИЯ.

Басқа материалдар

Back to top button