Ресми

Әкім есеп береді

Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК 19 ақпан күні SARYARQA телеарнасының тікелей эфирінде халықпен есептік кездесуін өткізеді. Сондай-ақ, «Теміржолшылар», «Молодежный», Жаңа Майқұдық Мәдениет үйлері, Достық үйі және Кеншілер Мәдениет сарайы алдына LEDэкрандар орнатылып, есеп беру кездесуі тікелей эфирде көрсетіледі.

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін аудандар мен қалалар әкімдерінің халықпен қорытынды есеп беру кездесулері, негізінен, әкімдіктердің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында онлайн-режимде өтеді. Ал, кейбір жағдайларда жергілікті телеарналардан трансляциялар жүргізілетін болады.

Офлайн есеп беру кездесулері қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы бар өңірлерде өтеді. Сонымен қатар, интернетпен қамтылмаған ауылдық елдімекендерде ұйымдастырылады. Бұл ретте барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады. Қатысушылар саны 30 адамнан аспауы тиіс. Егер, артып кетсе, есеп беру кездесуі топтар бойынша кезекпен өтеді.

Аудандар мен қалалар әкімдерінің есептік кездесулері 1 ақпаннан басталады. Ал ,13 қаңтардан бастап ауылдар мен кенттер басшыларының есептері өткізілуде.

Қалалар мен аудандарда тұрғындардан түскен ұсыныстар мен ескертулерді жинау үшін Call-орталықтың телефоны жұмыс істейтін болады. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button