Ресми

Спорт – денсаулық кепілі

Қарағанды қаласында спортпен айналысуға арналған спорт орындары жеткілікті. Соның бірі Шахтер стадионы болса керек. Міне, осы жерде Қарағанды қаласы мәслихатының депутаттығына Nur Otan партиясынан үміткер Гүлжан АХМЕТКӘРІМОВА экспромт-кездесу өткізді.

Кездесуді өткізген үміткер жиналғандарды Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Ол Nur Otan партиясының бағдарламасында айтылған, алдағы бес жыл ішінде дамудың бірнеше негізгі бағыттарын атап өтті: бұл – қала экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, халықтың жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, қаладағы қауіпсіздік, сондай-ақ спортты дамытуға көп көңіл бөлу.

– Партия дене шынықтырумен және спортпен айналысатын жастарды қамтуды ұлғайтуға ықпал ететін болады – дейді Гүлжан Ахметкәрімова.

Әңгіме барысында спорт қызметкерлерін дұрыс таңдау жасауға және 10-қаңтардағы сайлауға келіп, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды, сонымен қатар сайлаушыларға Nur Otan партиясының үгіт материалдарын таратты.

Материалдың жариялану ақысы Nur Otan партиясының Қарағанды облысы

Қарағанды қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Басқа материалдар

Back to top button