Бас тақырып

500 теңге төлеп көліктің тарихын тексеруге болады

«ХҚКО» мобильді қосымшасында Қазақстанда тіркелген автокөлік жайлы мәліметтерді алуға болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Авто тарихы» сервисін іске қосты.

Сурет kz.kursiv.media

Есепте көліктің тіркелуі, бұғаттамалар мен кепілдер, әкімшілік айыппұлдар, кедендік ресімдеу, утилизациялық алым төлемі, арнайы белгілер мен берілген техпаспорттар туралы деректер көрсетіледі.

Ақпарат алу үшін өтініш беруші көліктің VIN-кодын көрсетуі тиіс. Есеп мемлекеттік деректер қоры мен ақпараттық жүйелердегі мәліметтердің негізінде онлайн қалыптасады.

Қызмет «ХҚКО» мобильді қосымшасында (App Store/Google Play) ЖСН мен телефон нөмірі арқылы авторизациядан кейін қолжетімді.

Бір тексерістің құны – 500 теңге. Сонымен қатар топтамалық ұсыныстар бар: 10 тексеріс – 4500 теңге, 20 тексеріс – 8000 теңге.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button