50 ардагер шипажайға жолға шықты
Бүгін облыс әкімдігінің қолдауымен 50 еңбек ардагері Приозерск қаласындағы оңалту орталығына 10 күнге емге аттанды. Әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған игі шара өңірде қатарынан үшінші жыл жүзеге асырылып келеді. Құрметті ардагерлерді сапарға облыс әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков шығарып салып, жүрекжарды тілегін білдірді.

Жалпы, бұл сапарға кез келген ардагер қатыса бермейді. Жолдама мемлекеттік әлеуметтік қызмет пакетін алмайтын азаматтарға ғана беріледі екен. Құрам жасақтау тәртібі де нақты белгіленген. Атап айтсақ, қаладан – бес, аудандардан – екі ардагерден таңдалып, арнайы тізімге енгізіледі.


– Ардагерлерімізден қыркүйек айынан бастап қоңыраулар түсе бастады. Қазір бұл жобаның мән-маңызын олар жақсы біледі. Тіпті, жыл сайын асыға күтетін дәстүрлі шараға айналды десек болады. Ардагерлер 10 күн бойы сауықтыру курсынан өтіп, ем-дом қабылдайды. Ондағы мамандар әр ардагерге жеке оңалту бағдарламасын жүргізіп, қажетті емдік шараларды ұсынады. Бұл игі бастамаға бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Жоба толықтай әлеуметтік серіктестердің қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Өңірде мұндай кешенді ем алу мүмкіндігі бар мекеме тек Приозерск қаласында орналасқан. Бұған дейін ардагерлерімізді екі жыл қатарынан осы шипажайға жібергенбіз. Олар көрсетілген қызметке жоғары баға берген болатын. Биыл да таңдау сол орталыққа түсті, – деді Ораз Қайсаұлы.



Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz



