АймақЖаңалықтар
5 қыркүйектен бастап Теміртауда балаларға жол жүру тегін
Теміртау қаласының әкімдігі 5 қыркүйектен бастап қаладағы 7 мен 18 жас аралығындағы балалардың жол жүруі тегін болатынын хабарлады. Қазір тиісті нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу жұмыстары аяқталуда.

Аталмыш жеңілдік тек ONAY көлік картасы болса ғана жарамды. Балада карта болмаса немесе картадағы сома жеткіліксіз болса, жол ақысы төленеді. Сонымен қатар, бала әрбір сапарға тіркелуі керек.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.