БалқашАймақБас тақырып

5 мың балқаштық «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Балқаш қаласының туған күніне орай ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы биыл да кең көлемде өтті. Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған игі іс Балқашта айрықша серпін алып, қала тұрғындарының бірлігі мен белсенділігін айқын көрсетті.

Суреттер автордан

Ауқымды шараға 5 мыңға жуық балқаштық қатысып, туған жерге деген жанашырлықтың нақты үлгісін танытты.

Акция Жастар скверінен бастау алып, кейін қалалық саябақта жалғасын тапты. Қатысушылар белгіленген аумақтарды тазалап, қоқыстарды жинап, жасыл желектерді ретке келтірді.

Іс-шараға қала әкімі Сапар Сатаев арнайы қатысып, тұрғындардың бастамасына қолдау білдірді.

Сонымен қатар, акцияға қала ардагерлері, түрлі ұйым өкілдері, Әкелер кеңесінің мүшелері, үлгілі әулеттер, ұстаздар қауымы, мәдениет, медицина, білім және өндіріс саласының қызметкерлері белсене атсалысты. Бұл — қоғамның барлық буыны ортақ іске жұмыла кіріскенінің айқын көрінісі.

Айта кетейік, балқаштықтардың белсенділігі мен ұйымшылдығы «Таза Қазақстан» бастамасының өміршеңдігін дәлелдеп отыр.

Таза қала — тұрғындардың ортақ еңбегінің нәтижесі екенін тағы бір мәрте көрсеткен бұл акция алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

                                                    Нұрдос  КӘРІМ
                                                    Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button