Медицина

5 мамыр – Дүниежүзілік акушерлер күні

5 мамыр күні Халықаралық акушерлер күнін атап өтіледі. Мерекені халықаралық акушерлер қауымдастығы 1987 жылы Нидерландыда өткен конференцияда ұсынды, ал бұл күн ресми мереке мәртебесіне 1992 жылы ғана ие болды. Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босандыру қабылданады. Әрбір осы кереметтің артында акушерлердің еңбегі, қамқорлығы мен біліктілігі жатыр. Олар болашақ аналарды перзентханаға түскен сәттен бастап шығарылғанға дейін қамқорлық жасап, тек медициналық емес, моралдық қолдау да көрсетеді.

Сурет evromed.org.ua

Қазақстандағы босандыру жүйесі туралы деректер:

• Елімізде 240 босандыру ұйымы, оның ішінде 58 перзентхана және 37 перинаталдық орталық жұмыс істейді.

• Амбулаториялық көмекті 810 әйелдер консультациясы, 1 282 дәрігерлік амбулатория және 790 фельдшерлік-акушерлік пункт  көрсетеді.

• Қазақстанда 9 мыңнан астам акушер еңбек етеді, олардың 64%-ы қалада, 36%-ы ауылда жұмыс істейді.

• Перзентханаларда 3 740 акушер, ал медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде 3 675 акушер қызмет етеді.

• 600-ден астам акушер шалғай жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттерде қызмет көрсетіп отыр.

Барлық акушерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге, күш-қайраттарыңызға және өз ісіңізге деген сүйіспеншіліктеріңізге алғысымыз шексіз!

Басқа материалдар

Back to top button