Жаңалықтар

ҚарТУ – алғашқы орында

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің (БСҚА) IQAA-ranking бағалауына сәйкес академик Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындары арасында бірінші орынға ие болды. 2008 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан бұл рейтинг биыл 14-ші рет өткізілді.

Екі жыл қатарынан ҚарТУ осы рейтингте екінші орынға тұрақтаған еді.

– Бұл – профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің жоғары деңгейі, ЖОО ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмысы, халықаралық ынтымақтастық, түлектерді ақпараттық қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру сияқты академиялық басымдықтың объективті көрсеткіштері бойынша университет оқытушылары мен студенттері ұжымының жүйелі және тиімді жұмысының нәтижесі, – делінген А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Осы жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті QS WUR әлемдік рейтингінің топ 651-700 қатарына енді. QS WUR жаһандық рейтингісіне әлемнің 2462 университеті қатысты. Қазақстанда 16 жоғары оқу орны, оның ішінде 6 ұлттық университет бар. Бұл ретте ҚарТУ еліміздегі жоғары оқу орындары арасында сегізінші орынға ие болды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button