Жаңалықтар

5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

1 тамыздағы жағдай бойынша Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында орташа жалақысы 92 мың теңге болатын 5,5 мың жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Бұл бағдарлама 4 негізгі бағытқа бөлінген: халықтың өмір сүру сапасын арттыру, шағын және орта бизнес үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, өңірлерде бизнесті дамыту.

Қазіргі уақытта жоба аясында 161 инфрақұрылымдық құрылыс жұмыстары жүргізілуде, тағы 38-і іске асырудың бастапқы кезеңінде тұр.

Естеріңізге сала кетейік, жоба аясында 2021 жылы барлық бағыттар бойынша 40,9 мың жұмыс орны құрылады, оның 28,3 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындары болады. Жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына бару арқылы бағдарлама шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатыса алады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, жұмыспен қамту органдарында жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар ретінде тіркелгендер, сондай-ақ, жұмыстан босатылатын адамдар, жа­ лақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдар, студенттер қата­рынан қажетті біліктілігі бар маман­дарды іріктейді және оларды инфрақұрылымдық жобаны іске асыратын жұмыс беруші-мердігерге жібереді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастыру кезінде жұмыссыз жастарға, NEET санатындағы жастарға, сондай-ақ, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда студенттерге басымдық беріледі. Егер қажет болған жағдайда инфрақұрылымдық жобаға жұмысқа орналастыруға кепілдік бере отырып, тиісті жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші-мердігердің/қосалқы мердігердің өтінімдері бойынша кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз етеді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары бағыттары бойынша жұмысқа орналасқандардың жалақы мөлшері салықтарды, әлеуметтік төлемдерді және экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескере отырып, ең төменгі жалақының кемінде екі мөлшері (83 мың теңге) деңгейінде белгіленеді.

 Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ. 

Басқа материалдар

Back to top button