Ресми

Қазақстанның қай өңірлерінде балалар мектепте тегін тамақтанады?

Еліміздегі бастауыш сынып оқушыларын толықтай тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын бюджеттен 150 млрд. теңге алыну қажет. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға жауап беру кезінде айтты. 

бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады
фото: altaynews.kz

1-4 сыныпта оқитын 607 мыңнан астам оқушы (41%) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 100 пайыз деңгейде Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау облыстарының бірінші сынып оқушылары бар. 

Ал биыл қыркүйек айынан бастап Алматыда 1-4 сынып оқушыларына тегін тамақ беріледі.

Е.Тоғжановтың айтуынша, әр оқушыны тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесін шешу кезең-кезеңмен іске асырылады. Бастауыш сыныптардағы 1,5 млн баланы 100 пайыз бір реттік тамақтандырумен қамту үшін жыл сайын қосымша 150 млрд. теңге қажет. Ал 1-11 сынып оқушыларын қамтуға жылда қосымша 380 млрд. теңгеден астам қаражат керек.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жаңа оқу жылында Алматы қаласының 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады.

Басқа материалдар

Back to top button