Жаңалықтар

Ерекше молекула

Ғалымдар қатерлі ісік ошағы болып табылатын жерден ісік жасушаларының таралуына жол бермейтін молекуланы анықтады. Тышқандарға жасалған зерттеу ол ауыр дерттің таралуын айтарлықтай тежейтінін көрсеткен.

Канададағы Йорк, Нидерландыдағы Лейден университеттерінің және Израиль технология институтының бір топ ғалымдары қант тәріздес молекуланың осындай қасиетін ашты. Олар жаңа молекуланы жасап шығарған. Олардың айтуынша, молекулаға әсер ететін гепараназа ферменті обыр жасушасына жабысып, оның айналасының бөлінуіне мүмкіндік бермейді. Солайша жасуша айналасындағы сау тіндер қатты болып, басқа жасушалар оған әсер ете алмайды. Молекуланың клиникалық қолданылатыны туралы айтуға ерте. Дегенмен, бірқатар институттар молекула патентіне өтініш берген көрінеді.

Жансая ОМАРБЕК. 

Басқа материалдар

Back to top button