Қарағандылық өрт сөндіруші Әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

Қарағандылық өрт сөндіруші Александр Комаров кәсіпқойлар арасында гір спорты бойынша Әлем Кубогының төртінші кезеңінің жеңімпазы атанып, Әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады. 

Үндістанда өтіп жатқан жарысқа әлемнің 17 елінен келген 300-ге жуық спортшы қатысуда.

Қарағандылық өрт сөндіруші Әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері – №11 өрт сөндіру бөлімінің инженері Александр Комаров Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетті. 78 келіге дейінгі салмақта күш сынасқан ол әлем чемпионатының қола медалін жеңіп, кәсіпқойлар арасында гір спорты бойынша Әлем Кубогының төртінші кезеңінің жеңімпазы атанды. Спортшы «ұзақ цикл бойынша итеруде» 32 кг салмақтан 75 көтеруде жеке рекорд орнатты.

Александр Комаров бұған дейін гір спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған. Оның жеңісі тек бұл ғана емес, Александр студенттер арасында әлем чемпионы, кәсіпқойлар арасында Әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, Еуропа чемпионы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы атағына ие болған.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ

Ortalyq.kz