Жаңалықтар

Мамандыққа оқыту – тегін

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы әйелдерге арналған тегін курстарды бастады. Курстан өтуге құжат тапсырған жүздеген үміткердің ішінен 56-ы іріктеліп алынып, кондитер, шаштараз және тігінші мамандықтарына оқытылады.

Ұйымдастырушылар жоба халықтың табысын арттыруға бағытталған және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға ықпал ететінін айтады. Қатысушыларды іріктеу барысында көп балалы аналар мен осал санаттағы өкілдерге басымдық берілген. Курстан өткеннен кейін олар кәсібін ашады.

– Бастаманы Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы жүзеге асырады және ол Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен қаржыландырылады. Жоба еліміздің әйелдеріне білім алуға, дамуға және қолдау алуға мүмкіндік береді, – дейді әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының жетекшісі Арайлым Серікбай. Аталған курстың оқудан өткендер үшін де, тұрғындар үшін де пайдасы болады деп күтілуде. Мәселен, көп балалы ана Эльвира Гильмидинова наурыз айында тегін тігінші курсына жазылған болатын. Кәсіп ашқаннан кейін ол жаңа туған нәрестелерге арналған киім желісін қолжетімді бағамен іске қосқысы келеді. Бұл – тұрғындарға сапалы әрі отандық өнімді пайдалануға мүмкіндік бермек.

– Оқыту негіздерден басталады. Бес күнде бірнеше практикалық сабақтар өтеді. Курстар тегін. Қажетті материалдардың барлығын ұсынамыз, – дейді облыстық Кәсіпкерлер Палатасының қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Меруерт Қасымова.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button