АймақСпорт

Қарағандының «Биосфера» командасы шағын футболдан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы атанды

Қарағандының «Биосфера» командасы шағын футболдан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы атанды. Нұр-Сұлтанда Қазақстан футбол жанкүйерлер лигасының мұрындық болуымен республикалық чемпионат өтті.

Суреттер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен

Жарысқа 64 команда қатысты. Финалда «Биосфера» клубы түркістандық «Бауыржан» командасын ұтып, тағы да чемпион атанды.

Турнирдің үздік қақпашысы Қарағанды командасының голкипері Еркінбек Ақбұлан, үздік ойыншы да біздің футболшы Александр Кислицын атанды.

Қазақстан Республикасы чемпионатының алтын медальдарын жеңіп алған қарағандылықтар БАӘ-де (Дубай) өтетін 2023 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. 

Басқа материалдар

Back to top button