Жаңалықтар

Құжаттың электронды пакеті қолжетімді

hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталында «Қызметкердің жеке ісі» сервисі іске қосылды. Оның көмегімен жұмыс беруші жұмысқа кандидаттың немесе қызметкердің келісімімен жұмысқа орналасу кезінде қажетті құжаттардың электрондық пакетін сұрай алады. Қызметкердің басқа жұмыспен қамтылуын тексере алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Жеке тұлғаның дербес деректерін өңдеуге келісімін үшінші тұлғаларға беру үшін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дербес деректерге қолжетімділікті бақылау сервисі арқылы мобильді азаматтар базасында тіркелген қызметкердің нөміріне SMS жолдау арқылы немесе hr.enbek.kz порталында ЭЦҚ көмегімен келісімге қол қою арқылы жүзеге асырылады.

Осылайша, ақысыз негізде келесі ақпаратты алуға болады:

– жеке куәліктегі ақпарат;

– фотосуреттер;

– білім туралы ақпарат;

– психо-наркологиялық және туберкулез диспансерлерінде есепте тұрғаны туралы ақпарат;

– 0/75у медициналық анықтамадан мәліметтер;

– еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат;

– вакцинация туралы ақпарат.

Жұмыс беруші hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталы арқылы таңдау үшін кез келген қолжетімді тегін ақпаратты сұратуға құқылы.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button