Жаңалықтар

Газ тартуға көмек бар

Әлеуметтік қорғалатын санаттағы Теміртау тұрғындарына үйлерді газға қосу кезінде материалдық көмек көрсетіледі. Біржолғы әлеуметтік төлем зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі тұрғын үй иелері, мүгедек балалары бар отбасылар, сондай-ақ, көпбалалы отбасыларға беріледі.

Бір жолғы әлеуметтік төлемді алу үшін аталған санаттағы өкілдер Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш беруі қажет. Бұл ретте келесі құжаттарды ұсыну тиіс:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) газ жабдығын жеткізумен және орнатумен байланысты тұлғаның (отбасының)шығыстарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтер көрсетуге арналған шарт);

3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

4) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (зейнетақы куәлігі, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәлігі);

5) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

6) екінші деңгейдегі банктегі не “Қазпочта” акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

– Біз тұрғындарды табиғи газға қосу үшін газ тарату желілерін жүргіземіз. Шығындарды өтеу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 130 АЕК-ке дейін біржолғы әлеуметтік көмек көрсете бастады, – деді Теміртау әкімі Қайрат Бегімов.

Теміртауда 80 шақырымнан астам газ тарату желісі салынды. 900-ге жуық үй қосылуға мүмкіндігі бар.

Өз тілшімізден. 

Басқа материалдар

Back to top button