Жаңалықтар

Балқаш түлектері ҚМУ грантын ұтып алды

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы және Балқаш қаласының әкімдігі “Қоңырат” корпоративтік қорының қолдауымен Балқаш қаласын дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік жоба іске асыруда. Балқаш қаласының бес мектеп пен медициналық колледжінің түлектері ҚарМУ-да оқу гранттарына ие болады. Оларға демеушілік көмекті “Қоңырат” корпоративтік қоры көрсетеді.

Корпоративтік қордың Болашақ стипендиаттарын іріктеу 1-22 тамыз аралығында өтеді. Үміткерлердің жеке істерін демеуші, жергілікті атқарушы, өкілді органдар, Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдары, Қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен тұратын арнайы комиссия зерттейтін болады. Комиссия мүшелері орта білімі барларға арналған ҰБТ бойынша балдарды және кәсіптік орта білімнен кейінгі медициналық білімі барларға арналған оқуға түсу емтихандарының нәтижелерін ескеретін болады. Іріктеуден өткен үміткерлер “Жалпы медицина” білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын болады. Медуниверситетті бітіргеннен кейін олар Балқаш қаласының Денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде 5 жыл жұмыс істеуге міндетті. 

– Грантты тағайындау конкурсына қатысу үшін тікелей Балқаштың өзінде, сондай-ақ Қоңырат шағын ауданында, Саяқ және Гүлшат кенттерінде кемінде 11 жыл тұрып жатқан түлектер жіберіледі. Сондай-ақ, ҰБТ-да олар кемінде 70 балл жинауы керек, медициналық колледж түлектерінің өту балының шекті мәнінің кемінде 50%-ы болуы керек. Екі санаттағы үміткерлердің қолында психометриялық тестілеу нәтижелері болуы тиіс, – деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының Балқаш аймақтық өкілдігінің басшысы Шолпан Калыкбекова.

Грант алуға басым құқығы бар түлектер:

– “Алтын белгі” белгісімен марапатталғандар;

– отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталғандар;

– тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталғандар, орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен наградталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ президенттік жарыстардың жеңімпаздары және пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарын, (екінші және үшінші дәрежелі) оқу жылында таңдаған мамандығы олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәніне сәйкес келген жағдайда жүргізіледі.

– жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедек балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады, үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдар.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда жоғары білімнің білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары барларға беріледі. Егер балл көрсеткіштері бірдей болса, сондай-ақ аттестаттардың, куәліктердің немесе дипломдардың орташа балдары бірдей болса, онда бейіндік пән бойынша жинаған балдар ескеріледі.

Өтініш пен құжаттар 1-15 тамыз аралығында Балқаш қаласы, Аурухана қалашығы, Денсаулық сақтау бөлімі мекен-жайы бойынша қабылданады. Кандидаттармен әңгімелесу 15-19 тамыз аралығында өтеді. Байқау нәтижелері 22 тамызда белгілі болады. Білім гранттары иегерлерінің тізімі демеушінің, Балқаш қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Анықтама телефоны: (+7-71036) 7-99-44.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Басқа материалдар

Back to top button