Жаңалықтар

Қарағандыда тұңғыш рет жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Қазақстан Кубогы өтеді

Қарағандыда тұңғыш рет жекпе-жек ұлттық спорт түрінен жастар арасында ҚР Кубогы өтеді. Жарыс 14–18 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады.

Қарағанды облысындағы жекпе-жек федерациясы жұмысын бір жыл бұрын бастаған. Бірақ спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, ең мықты балуандардың бестігіне кіреді. Биыл облыстың жасөспірімдер командасы Қазақстан чемпионатында үшінші орын алды.

– Қарағанды облысында жекпе-жек енді ғана қарқын алуда. Спортшылар арасындағы бәсекелестік өте күшті. Бірақ, соған қарамастан, қарағандылық спортшылар Батыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарының, Шымкенттің палуандарымен бірге Қазақстан бойынша үздік бестікке кірді. Жекпе-жек ежелгі дәуірден бастау алады. Бұл палуандар өнері. Қазір әртүрлі жекпе-жек арсеналынан техникалық тәсілдер қолданылуда, дегенмен қатысушылар жарақат алмау үшін ережелерге қатаң өзгерістер енгізіледі, – дейді Қарағанды облыстық жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының президенті Әділет Нұрмадиев.

Басқа материалдар

Back to top button