Жаңалықтар

Президент: “Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек”

Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы кедергі. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналған. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтырып отыр.

“Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ, автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен.

Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы. Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек.

Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн”, – деді Президент.

Сонымен қатар, су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек екенін айтты Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Басқа материалдар

Back to top button