Қарағанды

Қарағандыда жол жүру ақысы қымбаттайды

Қарағандыда 15 қазаннан бастап қоғамдық көліктерде сараланған тарифтік жүйе орнамақ. Бұл өзгерістің ONAY картасын пайдаланушыларға еш қатысы жоқ. Олар бұрынғыша 80 теңгелік төлеммен жүріп-тұра алады. Ал, қолма-қол ақшамен төлем жасаушылар аталған мерзімнен бастап 150 теңге төлеуге тиіс.

 

– Сараланған тарифті енгізу туралы шешім Әділет министрлігімен келісілді. Тиісті қаулыға «Автомобиль көлігі туралы» Заңға сәйкес қол қойылды және ақпараттық құқықтық жүйелерде жарияланды, – деп Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әлібек Дүйсембеков мәлімдеді.

Сондай-ақ, қала маңындағы бағыттардағы тарифтер қалалық бағыттарға теңестірілгенін атап өткім келеді. №118, 145 экспресс-маршруттардағы сапарлар үшін қосымша ақылар жойылады.

Жол ақысын қолма қол төлеген кезде жолаушылар ерекше үлгідегі қағаз билеттерді алатын болады. № 84, 100, 107, 121, 122, 127, 146, 165 қалааралық маршруттарда тарифтер өзгеріссіз қалады, жол ақысын тек қолма-қол төлеу керек.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ. 

Басқа материалдар

Back to top button