Жаңалықтар

Қарағандыда «Бір кем дүние…» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

Жазушы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Turan-El» қазақ этно-мейрамханасында Қарағанды қаласының ЖОО студенттері арасында «Бір кем дүние…» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.

Шараны Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма төрағасы-ректоры, Марат Ибатовтың қолдауымен «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасы ұйымдастырған. Байқаудың көздеген мақсаты – қазақ тілін дамыту, студенттер арасында қазақ тілі мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Қарағанды шаһарында өтіп жатқан өзге шараларға қарағанда бұл шараның орны ерек болмақ. Себебі, өткен орны мен форматы бөлек. Бұл Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары деңгейін танытқандай.

Шарада Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты Д.Арыстан сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал, «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі Қ.Қалыбекова байқауды өткізуге демеушілік еткен «Нәтиже» компаниясының директоры Ерлан Әшім мырзаға және «Túran-EL» мейрамханасына алғыс білдірді.

Жалпы, қатысушыларға ортақ ереже бойынша, алдымен Шерхан Мұртаза шығармасынан үзінді жатқа оқуы керек. Мұнда қазылар қатысушылардың сөз сөйлеу мәнеріне, актерлік шеберлігіне баса назар аударды.

Сайыстың I орыны Әлия Нұрболатқа бұйырса, II орынға Аружан Әуелханова, III орынға Айбек Иембергенов жайғасты. Қатысушылардың барлығына қаржылай сыйлық берілді.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button