Ресми

Қазақстанда кедейлік деңгейі 9 есе төмендеді

2001-2021 жылдар кезеңінде Қазақстанда кедейлік деңгейі, яғни табысы ең аз күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 46,7%-дан 5,2%-ға дейін төмендеген. Бұл мәліметті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Ortalyq.kz

 

Министрлік мәліметінше, 2002 жылы күшіне енген “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” Заңның қабылдануы кедейлік деңгейінің азаюына себеп болған. 

2022 жылдың 1 қазанындағы деректерге сәйкес,  атаулы әлеуметтік көмек 129 мың отбасына немесе 668 мың адамға тағайындалған. АӘК алушылардың 22%-ы шартсыз ақшалай көмек, 78%-ы шартты ақшалай көмек алды. 

Әлеуметтік топтаманы 343 мың бала алған. Атап айтқанда, азық-түлік пакеті 1 жастан 6 жасқа дейінгі 178,4 мың балаға берілсе, “Жаппай оқыту” қоры шеңберінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі 164,6 мың бала көмек алған. 

“Жалпы еліміз бойынша 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 43 млрд теңге төленді”, – делінген ведомство ақпаратында.

 

Басқа материалдар

Back to top button