Жағымды жаңалық

Балқаштан Алматыға ұшақ бар

Арқаның інжу-маржанының бірі – Балқашқа сапарлауда ұшақ тасымалы жолға қойылған. Осылайша Балқашқа жетуде туристердің табаны тозбайды. Жылдан-жыла инфрақұрылымы жетілдіріліп, тасымал жүйесі шешімін табуы – Балқаш туризмінің бағын ашары даусыз. Ал, Наурыз айының соңында Балқаштан Алматыға жеңілдетілген бағамен ұшу қайта басталды.

Ресми орындардың мәлімдеуінше, ұшу әр жұма және жексенбі күндері.Жергілікті атқарушы билік туристік маусым басталарда Нұр-Сұлтан қаласына субсидияланған әуе рейстері қолжетімді болатынын айтып отыр. Ұшақтар күн сайын ұшуды 1 мамырдан бастамақ екен. Билет құны да қалтаны қақпайды.

Мәселен, Алматыға билет ақысы – 14 000 теңге. Ел жүрегі – Елордаға – 9000 теңге. Билеттің бұл ақысына салмағы 5 кг қол жүгі және 20 кг дейін тапсырылатын жүк кіреді. Сонымен қатар, 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік және бар.

Былтырғы жылы Балқаш әуежайынан 2021 жылғы мамырдан желтоқсанға дейін ұшақ жолаушы тасымалын үзген жоқ. «Южное небо» және QAZAQ AIR авиакомпаниялары субсидияланған тұрақты рейстерді орындап келген. Өткен жылы ұшақ қызметіне 18 675 жолаушы жүгінген екен.

«Южное небо» авиакомпаниясы 2016 жылдан, QAZAQ AIR – 2021 жылдан бастап жолаушы тасымалдауда. Жазғы кезеңдегі жалпы жұмыс жүктемесі 95% құрайды дейді мәліметтер.

Өз тілшімізден. 

Басқа материалдар

Back to top button