2023 жылы ҰБТ сәуірде өтуі мүмкін
2023 жылы ҰБТ сәуірде өтуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты.
«Жыл сайын ҰБТ мамыр және маусым айларында өткізіліп келді. Енді оған өзгеріс енгізгелі отырмыз, жобасы дайын. Алғашқы тестілеуді сәуір айында өткізудің бірнеше себебі бар. Мамыр айында мереке көп. Сондай-ақ, биылғы оқу жылында 31 мамырда өтетін маңызды мереке – соңғы қоңырау бар. Оқушылардың бар ойы соңғы қоңырауды тойлауда болады», – деп түсіндірді Руслан Тохтарұлы.