Ресми

Қарағанды әуежайында пилоттық режимде әуе жолаушыларының аймақтық қонуы енгізіледі

Қарағанды әуежайы “Аймақтық қону” жобасына қатысушылардың бірі болмақ. Ол 10 қыркүйектен бастап пилоттық режимде іске қосылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Жобаның негізгі идеясы – жолаушыларды аймақтық технология бойынша, яғни топтар бойынша отырғызуды жүзеге асыру, бұл әуежайларда болған кезде азаматтарға қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығын айтарлықтай арттырады. Жоба шеңберінде жолаушыларды отырғызу әуе кемесінің бортында алатын орнына байланысты жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте еріп жүрушілері жоқ балалар мен жүріп-тұруы шектеулі жолаушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес басым тәртіппен негізгі кезектен тыс өтетін болады”, – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, пилоттық жобаға Air Astana, Fly Arystan және SCAT авиакомпаниялары қатысады. Аймақтық қону тек телескопиялық траптары бар әуежайларда: Нұр-Сұлтан, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағандыда жүзеге асырылады. Жоба үш айға есептелген, содан кейін олар аймақтық қонуды болашақта қолдану туралы шешім қабылдайтын болады.

Басқа материалдар

Back to top button