Жаңалықтар
Елімізде тұрғын үйді жалға беру құны төмендеп келеді
Қазақстанда баспананы жалға беру бағасы біртіндеп төмендеп келе жатқаны байқалады. Теріс динамика қазан айының ортасында басталып, бағалар орта есеппен 20%-ға төмендеді, деп хабарлады Оrtalyq.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қазанның алғашқы екі аптасында тарифтер барынша өсті, деп жазды Крыша сайты. Баға көбінде Қазақстанның шекаралас қалаларында кеміген. Петропавлда – 41% болса, Ақтөбеде – 36%, Павлодар мен Оралда – 32%-ды көрсетеді. Астанада пәтер жалдау ақысы шамамен 22%-ға, Алматыда 11%-ға төмендеген.
Ал қарбаласқа дейінгі кезеңде (1 қыркүйек) жалға беру ақысы орташа есеппен 25% жоғары күйінде қалып отыр.
Бүгін Астана мен Алматыда пәтерді жалға алу құны қыркүйек айымен салыстырғанда, сәйкесінше 28% және 33% дерлік жоғары.
Аптадағы, яғни 27 қазан – 3 қарашадағы өзгерістерге келетін болсақ, барлық дерлік қалаларда теріс үрдіс байқалды: Алматыда 3,6%, Астанада 4,6%. Ең жоғарысы Ақтөбе қаласында (-8,6%). Орта есеппен жалдау ақысы 3,8% төмендеді.