Жаңалықтар

Азаматтардың сенімі – үлкен жауапкершілік

«Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру – мемлекеттік органдардың қызметіндегі маңызды стратегиялық бағыттардың бірі болып табылады. Жол картасының орындалу барысына көп сатылы бақылау жүргізу – өзекті мәселе. Сайлауалды бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында Қарағанды облысының Жол карталары әзірленіп, бекітілді. Құжатқа 7 бағыт бойынша 132 іс-шара кірді. Жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін әр өңірде, қалада және ауданда нақты нысаналы индикаторлар мен мерзімдер белгіленді. Сондай-ақ, жауапты орындаушылар айқындалды. Облыста 2025 жылға дейін бір мың сегіз жүзден астам көрсеткіш пен алты мыңнан астам іс-шараны орындау көзделген.

Әрине, кез келген бағдарламаны жүзеге асыруда қиындықтар туындайды. Облыстың экономика басқармасының «Amanat» партиясының 2022 жылға арналған облыстық сайлауалды бағдарламасының орындалуына жүргізген алдын ала талдауына сүйенсек, жекелеген жобалар бойынша орындалмау қаупі бар.

Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобаларды қолдау бойынша қауіп бар. Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу, лифтілерді қалпына келтіру және ауыстыру, Жезқазған қаласының Кеңгір кентінде биоэлектр станциясын салу, қоқыс сұрыптау желісі мен кешенді ұйымдастыру, атмосфераға ластаушы заттардың эмиссиясын азайту, спорт нысандарын тұрғызу, өрт сөндіру бекеттерін құру жөніндегі мәселелер орындалмай қалып отыр. Іске асыру пункттері бойынша түзету ұсынылды. Бұл жобаларды тиімді жүзеге асыру – депутаттық корпус пен мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының міндеттерінің бірі.

2022 жылы жобаларды өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Аймақтағы қалалардың географиясына, орналасқан жеріне қарамастан, тұрғындар жайлы ортада, жайлы тұрғын үйде, жайлы аулаларда, яғни, ыңғайлы, көпфункционалды қоғамдық кеңістікте өмір сүруі керек.

Мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрғын үй құрылысын, коммуникациялар мен инфрақұрылымды, ең алдымен, сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін, елді мекендерді газдандыру мен көлікке қолжетімділікті дамыту жөніндегі тұтас шаралар кешенін іске асыруға баса назар аударамыз. Алдымызда көптеген міндеттерді шешу қажеттілігі тұр. Бұл азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және олардың тиімділігін арттыруға ғана емес, өңірлердің экономикалық дамуына серпін береді.

Партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасының индикаторлары тіршілік мәселелерімен тығыз байланысты. Сондықтан, оны сапалы іске асыру қажеттілігі – мемлекеттік органдардың қызметінде әрдайым күн тәртібінде тұрады.

Алда әлі көп жұмыс күтіп тұр. Қазір назар аударып, маңызды жобаларды іске асыруға кірісу маңызды. Ол үшін біз жергілікті жерлердегі жағдайды білу үшін өңірлерге барып, Жол картасын іске асыруға тұрақты негізде мониторинг жүргізетін боламыз.

Облыстық мәслихаттың депутаттары өздеріне бекітілген жобалардың, Жол картасы индикаторларының іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстайды. Азаматтардың сенімі – үлкен жауапкершілік. Өмір сапасын арттыру, қоғамды топтастыру, өңір мен елдің орнықты, үдемелі дамуы үшін тиісті жағдай жасау – саяси, моральдық міндет.

Партия жұмысының маңызды басымдыққа ие бағыттарының бірі – жалақысы жоғары жұмыс орындарын құру мақсатында экономиканы дамыту. Еліміздің барлық өңірінде әрбір еңбекке қабілетті адам өзінің білімі мен қабілетін қолдана алатын жағдай жасау. Жол картасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын құруға қажетті серпін береді.

Облыстық мәслихатта 5 тұрақты комиссия жұмыс істейді. 4 саяси партия ұсынылған. Комиссиялардың кеңейтілген отырыстарында аз қамтылған отбасыларға, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету, балалардың спорттық немесе мәдени жарыстарға қатысуын қолдау, балалардың мектепте, көшеде, демалыста, ақпараттық кеңістікте және тағы басқа орындарда кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бірнеше рет көтерілді.

Біздің сайлаушыларымызды алаңдатқан мәселелердің едәуір бөлігі экология мәселелерімен тығыз байланысты. Сондықтан, Жол картасында экологиялық әл-ауқат ерекше, басты міндет болып табылады. Бізге атмосфераға шығатын зиянды шығарындылар, таза су, қалдықтар мен қоқыс үйінділері проблемаларын түбегейлі шешу қажет. Мұны мүмкіндігінше тез жасау керек. Партия таяу жылдары елдегі экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін шаралар кешенін ұсынады. Экологиялық мониторинг жүйесін құру – өзекті мәселе. Әрбір азамат дәйекті және өзекті экологиялық ақпаратқа қол жеткізе алуға құқылы.

Жол картасы индикаторларының бірі – АӨК дамыту, ауылда адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, заманауи әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастыру болып табылады. Ірі агроөндірісті де, шаруа қожалықтарын да қолдау маңызды. Шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелендіруді қамтамасыз ету мәселелері бойынша қолдау, фермерлерге көмек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын тиімді бақылауды қамтамасыз ету және тағы басқа мәселелердің барлығы – облыстық мәслихаттың бейінді комиссияларының тұрақты бақылауында.

Мәслихатта қаралатын барлық мәселелер «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасының негізгі бағыттарымен үндеседі.

Өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін бар күшімізді саламыз. Бұл – Жол картасын жүзеге асыру аясында облыстық мәслихат депутаттары мен мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының жаңа форматы. Жол картасының орындалу барысы ай сайын біздің кеңестерімізде қаралатын болады.

Серік ӨТЕШОВ, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button