Ресми

«Saryarqa Aqparat» медиахолдингінің жаңа директоры тағайындалды

Белгілі журналист Қайрат Жүнісұлы Әбілда «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің директоры болып тағайындалды.

Фото: Ашық дереккөз

Бұған дейін Қайрат Жүнісұлы «Egemen Qazaqstan» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі болған.

Құрамына «Ortalyq Qazaqstan», «Индустриальная Караганда» газеттері, қостілді Life09 ақпараттық агенттігі, талдау және сараптау орталығы енген «Saryarqa aqparat» медиахолдингін осы уақытқа дейін басқарып келген белгілі медиаменеджер Қамбар АХМЕТОВ «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

 

Басқа материалдар

Back to top button