Жаңалықтар

Тарихта қалған үшеу

Биыл әлем бойынша үшінші науқас АИТВ жұқпасынан құлан таза айығып шыққаны туралы жаһандық БАҚ жарыса жазды. Америкалық әйел дің жасушаларын трансплантациялау арқылы аман қалды. Аман қалып қана қойған жоқ, қатерлі дертті жеңген әлемдегі үш адамның бірі ретінде тарихта қалды.

Науқаста лейкоз болған, 4 жылдан кейін АИТВ жұқпасы бар екені де анықталады. Химиотерапиядан және оның салдарынан орын алған қан жасушаларының бұзылуынан кейін дәрігерлер туыс емес жаңа туған нәрестенің дің жасушаларын алмастырады. Содан бері 37 ай өтсе де, әйел ағзасы вирустан таза. 2007 жылы аурудан алғаш айыққан америкалық та, 2020 жылы екінші адам ретінде тіркелген британдық та жілік майын трансплантациялаған. Алайда, ғалымдар мұндай әдіс АИТВ жұқтырған барлық адам үшін келмейтінін айтады. Өкініштісі, дерттің шипасы әлі күнге дейін табылған жоқ.

Жансая ОМАРБЕК. 

Басқа материалдар

Back to top button