Жаңалықтар

Алаяқтан абай болыңыз

Соңғы кезде ұялы телефонмен қоңырау соғып өздерін банк қызметкерімін деп таныстыратын алаяқтар көбейіп кетті. Олар жеке адамдарға қоңырау шалып, алған несиелерінде қателік барын немесе құжат қателігі орын алғанын алға тартып, тұлғаның ЖСН-нін, несие карта номерін және счет номерін сұрайды.

Аталған жағдайға көбіне егде жасқа келген адамдар душар болады. Алаяқтар олармен қалай сөйлесу керектігін жіті меңгерген.

Бұған дейін банк қызметкері болып қоңырау шалған алаяқтар енді құқық қорғау органының атын жамылуда. Тіпті, алаяқтар құқық қорғау органының логотипіне дейін айнытпай пайдаланған.

Барлық азамат мынаны білуі тиіс: банк қызметкерлері немесе құқық қорғау органының қызметкері ешқашан жеке нөмірге хабарласып, жеке құжаттың ақпаратын сұрамайды.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің кеңесіне сүйенер болсақ, әлеуметтік желідегі түрлі жарнамаға алданып қалмау керек. Алаяқтардың алдымен көздегені – адамды қорқыту. Олар қорқыту арқылы адамды өзіне бағынышты қылып, ойындағысын іске асырады.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ. 

Басқа материалдар

Back to top button