Жаңалықтар

Facebook қолданушылары миллиондаған жазылушыларын жоғалтуда

Барлық Facebook қолданушылары жүз мың және миллиондаған жазылушыларын жоғалтуда. Бұған не себеп болуы мүмкін? Бұл туралы Атамекен бизнес ақпараттық порталы хабарлады.

Мысалы, Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг 118 миллион оқырманынан айырылды. 

Әзірге Facebook жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ. Мүмкін бұл уақытша құбылыс. Егер сіз жазылушылар саны дегенді бассаңыз, нақты қанша оқырман қалғанын білесіз. 

Мұндай жағдай Росфинмониторинг Meta-ны террористер тізіміне қосқаннан кейін болып отыр. Meta Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріне тиесілі.

 

Басқа материалдар

Back to top button