Ресми

Қазақстанда креативті индустрияны қолдау корпоративтік қоры құрылмақ

Қордың арқасында жас таланттар қолдау тауып, шығармашылықты дамытатын болады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінде айтылды.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматы жастарымен кездесіп, тың идеялар мен мүмкіндіктерді сөз етті. Министрдің айтуынша, қор қысқа мерзімді білім беру алаңдарын барынша қолдайды, креативті продюсерлер мен арт-менеджерлер таланттарды тәрбиелей алатындай үй-жайлар мен жабдықтарға қолдау көрсетеді.

«Осы жылы күзде креативті индустриялар бойынша құзырет біздің министрлікке бекітіледі. Сондықтан сіздердің идеяларыңызды тыңдау, жобалармен танысу және сіздермен бірге саланы дамытуға күш салу біз үшін маңызды. Біз қазіргі кезде таланттар мен креативті ұжымдарды қолдау саясатын пысықтап жатырмыз», деп атап өтті Дәурен Абаев.

Кездесуде қазақ тіліндегі контентті, сонымен бірге, қазақша фильм-индустрияны дамыту, кескіндеме, креативті хабтар негізінде шығармашылық ұжымдардың коллаборациясы арқылы еліміздің имиджін ілгерілету мәселелері талқыланды.

Кездесу қатысушылары бұл мақсатта өнер саласының түрлі бағыттарының өкілдері күш біріктіруі қажет деп санайды. Сондықтан да, республика бойынша жастар креативті идеялары мен бастамаларын орта сала алады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button