Арай Нұрлыбекова Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бахрейнде өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдесін қазақстандық Арай Нұрлыбекова иеленді, деп хабарлайды Ortalyq.kz

Арай Нұрлыбекова Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бұл қоржынға түскен екінші күміс.

Әйелдер арасында 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде біздің спортшымыз 221 (97+124) келі салмақты бағындырды.

Бұған дейін Асылжан Бектай мен Зүлфия Чиншанло алтын иеленсе, Арли Чонтей күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.