Жаңалықтар

“Сәт” триосының мүшесі базарда ән айтып, күн көріп жүр

Кезінде көпшілікті әндерімен еліткен «Сәт» триосының солисті Алматыда базарда ән айтып ақша тауып жүр, деп хабарлады Ortalyq.kz сайты Экспресс К-ке сілтеме жасап. 

"Сәт" триосының мүшесі базарда ән айтып, күн көріп жүр

“Барахолкада” ән айтып жүрген зағип әншінің бұдан басқа амалы қалмаған сыңайлы. Кезінде тыңдарман қошеметіне бөленіп, елімізді аралап концерт қойған трио бүгінде тарап кеткен. Алайда әншілердің бірі Азат Әбілдаев күнкөріс қамымен Алматыда өнерімен ақша табудың басқа жолын таңдаған.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада әншінің Барахолка маңында жол бойында ән айтып тұрғаны анық байқалады. Алматыда көшедегілерді әнімен тамсандырған Азатты көбі танып, тоқтап әнін тыңдайды. Алайда әншінің бұлай көшеде ән салып тұруына не себеп екені белгісіз.

“Қайтер едік өмірге келмегенде” әнін тыңдаған базарға келгендер әншімен бірге қосылып шырқайды. Жомарттық танытқандарды жердегі шағын шамаданға ақша қалдыруда.

Әлеуметтік желіні қолданушылар алаңдаушылық білдіріп, “Кезінде осылар арқылы ақша тапқан продюсері қайда?”, “Не деген талант?”, “Бұл балаға көмек берейік”, “Осындай халге жеткен бе?”, “Қор болған өнер-ай”, “Неге далада қалған?” дегенге сияқты пікір жазып қалдырған. Алайда Азат Әбілдаевтың неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз.

Видеоны @ortalyq.kz инстаграм парақшасынан көре аласыз. Сілтемені басыңыз.

 

Басқа материалдар

Back to top button