Жаңалықтар

Пара беріп, құтылмақ болған

Қарағанды қаласының қоғамдық тәртібін қадағалап жүрген «Ұлттық Ұлан» 5451 әскери бөлімінің сарбаздары Оңтүстік-Шығыс аумағында күдікті екі азаматты байқап, тоқтатады. Одан құжаттарын көрсетуді сұрағанда, біреуінің қалтасынан қағазға оралған есірткі қоса шығады. Әскери жасақ тәртіп бұзушыларды бірден ұстап, сақшыларға тапсырмақ болады. Осы кезде жағдайды ушықтырмас үшін ұсталған азаматтың бірі сарбаздарға пара ұсынады.

Иә, шындығында сарбаздардың антқа беріктігі осындайда сыналады. Анттың жай сөз емес, Отан алдындағы азаматтық борыш екенін толық сезінген сарбаздар ерлік танытты.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген едік. Кенет бізді көріп сасқалақтаған екі азаматты байқап, тексермек болдық. Қалталарындағы заттарын шығарғанда, күдіктілердің бірінен есірткі табылды. Ол дереу құтылудың амалын жасап, бізге 10000 теңге ұсынды, алмадық. Ұсталған екі азаматты полиция бөлімшесіне тапсырдық, – дейді әскери жасақ бастығы Бекзат Абат.

Аталған оқиға бойынша Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция учаскесінде ҚК 296бабы 2тармағына сай, (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау бойынша) іс қозғалды.

Дәл осы күні сағат 22.45 кезінде қаладағы С.Ерубаев көшесі, №34 үй маңынан құрамында Вадим Черня, Дмитрий Авраменко мен Максим Раимбеков бар тағы бір әскери жасақ ақ түсті «IPHONE 8» ұялы телефонын, жеке куәлік пен «KASPI» банкінің картасын тауып алған.
Байланыс (рация) құралы арқылы табылған заттардың иесін
анықтап, олармен байланысқа шығып, оқиға орнына шақырады.
Заттарының бөтеннің қолында кетпей, түгел табылғанына қуанған азамат ұландықтарға алғыс білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

Осындай рухы биік, антқа адал азаматтар барда ел іргесі бекем болары анық.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button