Жаңалықтар

Бала сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Жаға ұстатарлық жағдай Алматы қаласында болған. Ұйымдасқан қылмыстық топ жаңа туған нәрестелерді сатумен шұғылданған. Топ құрамында АХАЖ қызметкері жалған құжат дайындап берген. Бала сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Ішкі істер министрлігі өкілінің сөзінше, топ мүшелері сәбиінен бас тартуға дайын жүкті әйел мен балалы болғысы келетін отбасыны тапқан. Келіссөз құны 2 миллион теңгеге дейін, құжат жасау құны 700 мың теңгеге дейін жеткен. Қазір осы қылмысқа қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Ortalyq.kz

 

Басқа материалдар

Back to top button