Ресми

Баланың туу туралы куәлігін Kaspi.kz қосымшасынан алуға болады

Баланың туу туралы куәлігін алуға kaspi.kz қосымшасы арқылы өтінім беруге болады. Онда баланың есімі мен ата-анасының деректерін енгізу қажет. Одан кейін ХҚКО-ны таңдап, баланың туу туралы куәлігін сол жерден ала алады. Бұл туралы Атамекен бизнес ақпараттық порталы хабарлады. 

Баланың туу туралы куәлігін Kaspi.kz қосымшасынан алуға болады

«Біз азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту жұмысын жалғастырамыз. Бала туылған кезде Қазақстан азаматтарына жәрдемақы ресімдеу үшін SMS-хабарлама мен баланың туу туралы куәлігін ресімдеу бойынша өтініш келеді. Енді куәлікті kaspi қосымшасында ресімдеуге мүмкіндік пайда болды», – деді министр Б. Мусин.

Өтінім берген кезде ата-ана kaspi қосымшасында бейнеанықтау рәсімінен өтуі қажет. Бұл құжаттарыңызға бөгде адамдардың қол жеткізуіне жол бермеу үшін жасалды.

Мемлекеттік органдар өтінімді екі күннің ішінде қарастырады. Куәлік Каспи қосымшасында «Цифрлық құжаттар» бөлімінде қолжетімді болады. Сондай-ақ құжатты өзіңіз таңдаған ХҚКО-дан ыңғайлы уақытта алуға болады. 

Басқа материалдар

Back to top button