Ресми

Президент сайлауына тағы бір кандидат ұсынылды

«Оралмандардың «Асар» бірлестігі» Хайролла Ғабжалиловтің кандидатурасын ұсынды.

Хайролла Ғабжалилов Мағауияұлы (29.04.1950, Тахтақөпір ауданы, Қарақалпақстан) — суретші, сәулетші, Қазақстанның ұлттық валютасы — теңгенің авторларының бірі. Чехославакияның Прага қаласында суретші-сәулетшілер мектебін, Самарқан сәулет-құрылыс институтын бітірген. 1980 жылы Алматы қаласына келіп, «Қазқалақұрылыс-жоба» мемлекеттік жобалау институтында аға архитектор, топ жетекшісі, жобаның бас архитекторы қызметтерін атқарған. Ғабжалилов жобасы бойынша Жаңатас, Алматы қалаларында бірқатар ғимараттар мен тұрғын үйлер салынды. 1992 жылы Ғабжалилов «Қазақстан дизайн орталығының» бас директоры болып тағайындалды. Ол жетекшілік ететін арнаулы топ Қазақстан Ұлттық банкінің тапсырмасымен ұлттық валюта — теңгенің үлгі-жобасын жасау жұмыстарын атқарды. Ғабжалилов 1999 жылдан Алматы құрылыс материалдары зауытының бас директоры.

Басқа материалдар

Back to top button