Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы белгілі болды

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) WBA тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте кубалық боксшы Дэвид Моррелден  (8-0, 7 КО) нокаутпен жеңіліп, артынша жасанды комаға түскен еді. Ауруханада емделіп жатқан Айдос Ербосынұлының қазіргі жағдайы қалай? Suleimen promotions кәсіби спорт командасы қазақстандық боксшының жағдайы туралы жақсы жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі. 

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы белгілі болды

“Жағымды жаңалық. Біздің батырымыз, екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы отадан соң қарқынды терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды. АҚШ-тағы компания өкілінің хабарлауынша, боксшының денсаулығы едәуір жақсарған. Отандасымыз әлі де болса дәрігерлердің бақылауында болмақ. Батырымызға қолдау білдірейік”, – деп жазды Suleimen Promotions компаниясы. 

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ 

Басқа материалдар

Back to top button