Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 089 қару табылмай жатыр

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 089 қару табылмай жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz 

ҚазАқпарат.-қа сілтеме жасап. 

«Қазір ұрланған қарудың әлі 2 089 бірлігі анықталмаған. Оның ішінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған 1 282 азаматтық қару, 648 табельдік атыс қаруы, 159 жарақат салатын, газ және сигналды тапанша бар», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Мұхтар Қожаевтың атап өтуінше, ұрланған қаруды анықтау бағытында жұмыс жалғасып жатыр.

«Сонымен қатар, мақсатты түрде жүргізілген жедел-алдын алу іс-шараларының нәтижесінде полиция қосымша 1 936 қаруды тәркіледі. Олардың көбісінің тіркеу нөмірлері өшірілген. Сондықтан қазір олардың «Қаңтар оқиғасы» кезінде қолдануға қатыстылығы анықталуда», – деді департамент бастығының орынбасары.

Басқа материалдар

Back to top button