Жаңалықтар

Алғашқы атаулы күн

БИЫЛ ҮКІМЕТТІҢ 2022 ЖЫЛҒЫ 31 НАУРЫЗДАҒЫ №183 ҚАУЛЫСЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК КҮНДЕР ТІЗБЕСІНЕ ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ. ОСЫ ҚАУЛЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАҢА КӘСІБИ МЕРЕКЕ ӨМІРГЕ КЕЛДІ. ОЛ ӘР ЖЫЛДЫҢ 24 МАУСЫМЫНДА АТАЛЫП ӨТЕТІН СУДЬЯ ЖӘНЕ СОТ ҚЫЗМЕТКЕРІ КҮНІ.

Мемлекетті мемлекет ететін заң десек, сол заңның мүлтіксіз орындалуын қадағалап, әділдік принциптерін жүзеге асырушылардың алдында қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қолсұғушылықтан қорғайтын орган – сот жүйесі.

24 маусым кездейсоқ таңдалған жоқ. Себебі, дәл осы күні 1992 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін «Қазақ КСР сот құрылысы туралы» заңға алғашқы түзетулер енгізілді. Құжатта сот төрелігін Жоғарғы Сот, облыстық, қалалық, аудандық соттар, сондай-ақ жаңадан құрылған әскери соттар жүзеге асыратыны көрсетілді.

Аталған заң қабылданғаннан бері сот жүйесі реформалау мен жаңғыртудың бірнеше кезеңінен өтті. Бүгінде үздік әлемдік стандарттарға сай заманауи сот жүйесін қалыптастыру үдерісіне еліміздің сот корпусы да өз үлесін қосып, қара қылды қақ жаратын әділ сот төрелігін жолға қою мақсатында ауқымды жұмыстар атқаруда.

Жаңа мереке күнін судьяларға, сот қызметкерлеріне Конституциялық негіздерді дамытуға, заңдылықты қамтамасыз етуге, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қосқан үлестері үшін көрсетілген құрмет десе де болады.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ. 

Басқа материалдар

Back to top button