Жаңалықтар

Қазақша ән шырқаған Остап Скороход көпшілікті тәнті етті

Қазақша ән шырқаған Остап Скороход көпшілікті өнеріне тәнті етті. Талантты музыкант қазақтың белгілі композиторы Марат Омаровтың “Анашым” әнін орындады.

Остап 27 жаста, музыкалық білімі бар.

“Мен Алматыда дүниеге келдім, балалық шағым Астанада өтті. Қазақ музыка ұлттық академиясының фортепиано сабағын тәмәмдадым және Лондонда өлең жазу сыныбын бітірдім. Алғашқы тәжірибем 2017 жылы украиналық “Х-Фактор” жобасында басталды”, – дейді әнші Остап.

Видеоны түсіру үшін әнші Арқа төсіндегі Жарлыкөл мекенін таңдаған.

Ал көру үшін сілтемені басыңыз. 

Басқа материалдар

Back to top button