Ресми

Моңғолияда Түрік қағанатын қайта тірілткен Құтлық қағанның кешені табылды

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Моңғолия жерінен табылған Құтлық қағанның кешені туралы айтты. Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

Бұл өте үлкен жаңалық. Білге қаған  мен Күлтегіннің әкесі, екінші Түрік қағанатын қайта тірілткен Құтлық қағанның кешені табылды. Бұл барша түркі әлемі үшін, сонымен қатар бүкіл көшпелі жұрт үшін керемет жаңалық. Мұндай қуанышқа біз жүйелі жұмыстардың нәтижесінде бауырлас мемлекеттердің қолдауымен және Моңғолияның жеке қолдауымен, өзара достықпен құралған сенімнің нәтижесінде жетіп отырмыз. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасады. Себебі біз бір ғана кешенді ашып отырмыз, – деді Дархан Қыдырәлі

Спикердің айтуынша, мұндай әлі 9 кешен бар.

Біраз жылға жетер жұмыс күтіп тұр. Бұл үлкен кешенді түріктің тасқа басылған алғашқы паспорты деп айтуға болады. Өйткені “түрік” атауы бірінші рет Құтлық қаған жазбасында кездесіп отыр.  Сондықтан бұл киіз туырлықты халықтардың ортақ паспорты десек болады, – деді Дархан Қыдырәлі.

Басқа материалдар

Back to top button