Жаңалықтар

400 отбасы тексерілді

Аймақта тұрмысы төмен отбасыларын тексеру бойынша ауқымды «Қамқор» рейді өтті. Рейд барысында балаларды қанау, оларға қиянат жасау фактілері анықталған жоқ.Тексеру 400-ден астам отбасына жүргізілді. Рейдке 885 адам қатысты. Топ құрамына кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшылары, мүшелері, әкімдіктердің, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт басқармалары мен бөлімдерінің, Ішкі істер және төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері, жастар және қоғамдық ұйымдардың, БАҚ, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері кірді.

Рейдте саяжайлар, фермерлік шаруашылықтар, тұрғын үйлердің жертөлелері мен шатырлары, базарлар, теміржол және автобус вокзалдары, автожуу кешендері тексерілді.

Кәмелетке толмағандардың жағдайларын көздерімен, рейдке қатысушылар ата-аналармен әңгімелер өткізді. Рейд қорытындысы облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында қаралады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button