Жаңалықтар

Мерекеде сыйлық алған мемлекеттік тұлғалар жауапқа тартылады

Келе жатқан мерекелер қарсаңында (8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы) ешқандай сыйлық алмауға және сыйлық бермеуге шақырамын!

Мереке қарсаңында жеке және заңды тұлғалар тарапынан кейбір жағдайларда сыйлықтар ұсыну кездесіп жатады.

Өз кезегінде, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйлық беруге және алуға, сонымен қоса, мемлекеттік қызметкердің отбасы мүшелері қызмет бабына байланысты жеке және заңды тұлғалардың сыйлық алуына тыйым салынған.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 50-бабына сәйкес өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы жол берілмейтінін атап өтті.

Мемлекеттік қызметшіге хабардар етілмей келіп түскен сыйлықтар сыйлықтың алынған күнінен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде арнайы мемлекеттік қорға өткізуі тиіс. Сыйлықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қарағанды Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне Қарағанды қ., Костенко к-сі, 6 мекенжайына тапсыруға міндетті. Ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтерге күнтізбелік жеті күн ішінде ол республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төлеуі тиіс.

Демек, мемлекеттік қызметші оларды беру себептеріне (мереке күндері, туған күндер, жұмыста жоғарылау, жұмысқа орналасу т.б.), сондай-ақ сыйлық түріне, санына, құнына және өзге сипаттамаларына (кәмпит, торт, кәдесый және т.б.) қарамастан өзінің қызметтік өкілеттіктері қолданылатын өзге тұлғалардан сыйлық алуға құқығы жоқ.

Бұдан басқа, ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуге және қызметтен тыс қызмет көрсетуге тыйым салынады.

Сыйлық алу әкімшілік («Заңсыз материалдық сыйақы алу» ӘҚБтК-нің 677-бабы, айыппұл – 600 АЕК), сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылық жасаса, ол адам тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Әдеп кодексінің 5-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілер жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге міндетті.

Т.ЖАНАБАЕВА,

Әдеп жөніндегі уәкіл

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Басқа материалдар

Back to top button